ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мобильдік топ келді

Еліміздегі «Ауыл аманаты» жобасының мақсат-міндеттерін түсіндіруге арналған мобильдік топ өз жұмысын бастады. Аталған топ республикалық ақпараттық марафон аясында өңірімізге де келіп жетті. Мобильдік топтың мүшелері партия филиалдарының атқарушы хатшылары, аудандық мәслихат депутаттары, бизнес тренерлер. Бүгін топ құрамы «AMANAT» партиясының қолдауымен ауданға ат басын тіреді. Олар Күйгенкөл, Ұзынкөл ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті. Басты мақсат – тұрғындардың табысын ұлғайту.Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов ашып, басқосудың басты мақсатын айтып,топ мүшелерін таныстырды. Кездесуде тұрғындарға ауылдың хал-ахуалына маркетингтік бизнес-жоспарын әзірлеу, ұсақ шаруашылықтарды құру сауаттылығын арттыру мақсатында әдістемелік көмек берілді. Сондай-ақ, кездесуге келгендер ауыл шаруашылығы саласының мамандарынан кеңес алды.

Айта кету керек, жобаның артықшылығы-2,5 пайыздық жеңілдікпен несие беру, ауыл шаруашылығы техникасы мен құрал-жабдықтарын лизингке беру, кооперативтерге инвестициялық субсидия беру болып табылады.