Мобильдік топ аудандық ауруханада азаматтарға қабылдау өткізді
2017 жылдың 21 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы «Парасыз болашаққа.Бірге!» мобильдік тобының мүшелерімен Сырым ауданына көшпелі кездесу өткізілді.
Көшпелі кездесу шеңберінде мобильдік топ мүшелері аудандық аурухананың қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, аудан тұрғындарына қабылдаулар өткізді.
