Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мобильді топтың әскери қызметкерлермен кездесуі

2017 жылдың 11 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобы Орал қалалық Ұлттық гвардиясының 5517 әскери бөлімінің әскери қызметкерлеріне түсәіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында мобильді топ мүшесі, Департамент басшысының орынбасары А.Жұбаныш өз сөзінде басты міндет сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға, қоғамдық бақылауды күшейтуге, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық фактілерін тудыратын себептер мен жағдайларды болдырмауға бағытталғандығы жөнінде айтты.

Сондай-ақ, мобильді топ мүшелері қоғамның сырқаты болып табылатын, әрекеттерге қарсы әлеуметтік құбылыс сыбайлас жемқорлық туралы түсіндіріп, бұл орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – сыбайлас жемқорлық әрекеттерді қабылдамаймын, қатыспаймын деген пассивтік тұрғыда ғана емес, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне белсенді күресу қажет екендігіне баса назар аударды.

Кездесу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетілді.

       
0
0
467

Осы тақырып бойынша

Мобильді топтың әскери қызметкерлермен кездесуі - Yvision.kz