ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Мобильді топтың кезекті кездесуі тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында өткізілді

2017 жылдың 29 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мобильді тобы кезекті кездесуін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласының қызметкерлерімен өткізді.

Кездесуге Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі қеңес төрағасы Б.Ә.Исақов, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпы ұлттық «ЖАҢАРУ» қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі БҚО филиалы директорының орынбасары Б.А.Атауов, «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалының юрисконсульті С.Е.Тұрсынов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының БҚО бойынша Департаментінің инспекторы О.П.Кривцова, облыстық, қалалық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармаларының басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

«Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы  мобильді тобы мүшелері кездесуге қатысушыларды адал әрі әділ қызмет етуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларға белсенді атсалысуға шақырды.