Мобильді топтың кезекті кездесуі
2017 жылдың 23 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Бірлік ауылы тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді.
Мобильдік топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу мәселелері түсіндірілді.
