Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 03 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобының мүшелері «Жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің», «Облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі-Мұз айдыны спорт сарайы» және «Облыстық су спорты түрлері бойынша  балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің»ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

Мобильді топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы жөнінде түсіндірді.

 
0
0
329

Осы тақырып бойынша

Мобильді топтың кезекті кездесуі - Yvision.kz