Мобильді топтың кезекті кездесуі
2017 жылдың 10 шілдеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері «Орал-Терминал» ЖШС ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.
Мобильдік топ мүшелері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың маңыздылығы жөнінде түсіндірді.
