Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 07 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелерімен Бөрлі ауданына көшпелі кездесу өткізілді.

Аудандық әкімдікте Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеес төрағасы Б. Исақовтың төрағалығымен және аудан активінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Б. Исақов өз сөзінде қазіргі таңда барлық мемлекеттік органдардың, соның ішінде мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметінің негізгі күші сыбайлас жемқорлық қылмыстарының салдарымен күрестен гөрі, оның алғышарттарын және оған себеп болатын жағдайларды жоюға бағытталғандығын атап өтті.

Көшпелі кездесу барысында мобильді топ мүшелері ауданның және ауылдық округтердің тұрғындарына қабылдау өткізді.

 
0
0
233

Осы тақырып бойынша

Мобильді топтың кезекті кездесуі - Yvision.kz