Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мобильді топтың кезекті кездесуі

2017 жылдың 06 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.

Мобильдік топ мүшелері қоғамның сырқаты болып табылатын, әрекеттерге қарсы әлеуметтік құбылыс сыбайлас жемқорлық туралы түсіндіріп, бұл орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – сыбайлас жемқорлық әрекеттерді қабылдамаймын, қатыспаймын деген пассивтік тұрғыда ғана емес, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне белсенді күресу қажет екендігіне баса назар аударды.

Кездесу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

 
0
0
236

Осы тақырып бойынша

Мобильді топтың кезекті кездесуі - Yvision.kz