Мобильді топтың кезекті кездесуі
2017 жылдың 24 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен құрылған «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильдік тобының мүшелері Батыс Қазақстан облысының статистика департаментінің ұжымымен кезекті кездесуін өткізді.
Мобильдік топ мүшелері қоғамның сырқаты болып табылатын, әрекеттерге қарсы әлеуметтік құбылыс сыбайлас жемқорлық туралы түсіндіріп, бұл орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – сыбайлас жемқорлық әрекеттерді қабылдамаймын, қатыспаймын деген пассивтік тұрғыда ғана емес, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне белсенді күресу қажет екендігіне баса назар аударды.
Кездесу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.
