Мобильді топтың кезекті кездесуі
2017 жылдың 18 мамырда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Парасыз болашаққа. Бірге!» мобильді тобы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің №2029 әскери бөлімінің шекара қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мобильді топ мүшелері қоғамның сырқаты болып табылатын, әрекеттерге қарсы әлеуметтік құбылыс сыбайлас жемқорлық туралы түсіндіріп, бұл орайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – сыбайлас жемқорлық әрекеттерді қабылдамаймын, қатыспаймын деген пассивтік тұрғыда ғана емес, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне белсенді күресу қажет екендігіне баса назар аударды.
Кездесу кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейне роликтер көрсетілді.
