Мобильді топ мүшелері халыққа құқықтық көмек көрсетуді жалғастыруда
2017 жылдың 6 қазанда «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының мүшелерімен Орал қалалық мемлекеттік кірістер басқармасында, қалалық әкімдікте, сондай-ақ, ХҚКО-да азаматтарға қабылдау өткізді.
Мобильді топ мүшелері азаматтарды қабылдау барысында «Ашық әкімдік», ХҚКО-дағы электронды түрде көрсетілетін қызметтер, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының «call-center 1424» сенім телефоны жөнінде әдістемелік-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жыл басынан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді тобының мүшелерімен халыққа құқықтық көмек пен түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
