Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үміткерлермен кездесу өтті.

Үміткерлермен кездесу өтті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы тағайындалып, осы сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі күнтізбелік жоспарға сай ағымдағы жылғы 10 желтоқсаннан бастап ел аумағында сайлауалды үгіт жұмыстары басталып кеткен болатын.

Осы сайлауға қатынасып отырған «Nur Otan» партиясы партиялық тізімдер бойынша жоғарыда аталған өкілді органдарға кандидаттарды ұсынып, қазіргі кезде бұл азаматтар еліміздің түкпір-түкпірінде сайлауалды үгіт жұмыстарын жүргізуде.

Бүгін аудандық мәдениет үйінде партияның сайлауалды үгіт-насихаттық шаралары шеңберінде «Nur Otan» партиясының партиялық тізіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутаттығына кандидаттар Мәлік Иманқұлұлы Құлшар, Жаңабек Жаңабайұлы Жақсығалиев және Сәбира Өмірғалиқызы Сүндетова арнайы келді.

«NurOtan» партиясының Шыңғырлау ауданы бойынша Сайлауалды бағдарламасына негізделген алдағы бес жылдықты қамтитын жоспарларына талдау жасаған М. Құлшар халықтың қай сала қызметіне қолжетімділігі, бұқараны қамтитын қоғамдық шаралары, ауылдарды жоғары қызмет сервисімен қамту, ауруханалар мен мектептерге күрделі жөндеу жүргізу, ауылішілік тас жолдарды қалыпқа келтіру, жарық үнемдегіш шамдарды орнату, жалпы ауылға жасалар үлкен бағдарламалар туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Ал, БҚМУ университетінің доценті, тарих ғылымының кандидаты Ж.Жақсығалиев қай қоғамда да өткенін ұмытпаған, болашақты жақсылықпен, игі істермен байланыстыратын мемлекет қана қиындықтарды еңсеріп, өткен қателікті қайталамайды. Сол себепті де Қазақстанның жетекші партиясы ұстанған бағыт-адамға қолайлы орта қалыптастыру, еңбектеніп, өзін-өзі қамтамасыз етуге, өскелең жас ұрпақты патриоттық сезімі терең жолда тәрбиелеуге жетелейді деген ойларын ортаға салды.

Ал, Тайпақ аудандық ауруханасының меңгерушісі Сабира Сүндетова болса өзі дәрігер болғандықтан ұлт саулығы, ана мен бала денсаулығын қорғау, медициналық саладағы атқарылмақ іргелі шаралар туралы тілге тиек етіп, алдағы бес жылдыққа межеленіп отырған жұмыстар легіне шолу жасады.

Көкейде жүрген көп ойларды дөп басқан, жұртшылықтың жүрегіне жеткен сөздер мен нақты ойлар көңілдерді бірлеген бұл кездесу өз мақсатына жеткенінде сөз жоқ.

Сонымен қатар, үміткерлер ауыл тұрғындарынан белсенділік танытып, 2021 жылғы 10 қаңтарда өткізілетін сайлауға ұйымшылдықпен қатысып, нақты істер партиясы «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Осы тақырып бойынша

Үміткерлермен кездесу өтті. - Yvision.kz