Үміткерлердің қоғамдық қабылдауы жалғасуда
30 қаңтар күні "Nur Otan "партиясының Құрманғазы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде аудан,ауыл тұрғындарын қабылдадым.Қабылдау болатын күні, өтетін орны,уақыты әлеуметтік желілерде алдын ала хабарланған болатын.Қабылдауға келген адамдардың мәселелері жұмыспен қамту, баспанамен,дәрімен қамтамасыз ету, қолжетімді бағамен азық - түлікті бағасының бекітіп қадағалау, мәдениет саласы қызметкерлерінің статусын көтеру,еңбек ақыны өсіру,әлеуметтік жеңілдіктермен қамтамасыз етуге қатысты болды. Қабылдауға келген әр тұрғынның өтінішін тыңдап, өз деңгейімде түсінік бердім. Бүгінгі қабылдауға келген тұрғындардың өтініштері жазылып,"Nur Otan"партиясы Құрманғазы аудандық филиалына тапсырылатын болады және ұдайы бақылауда болып,оң шешуге ықпал етуге жұмыстанамыз.
Бізге әр сайлаушының өтініші,пікірі маңызды.
Қиындықты еңсеріп,жеңіске бірге жетеміз!
10 қаңтар күні «Nur Оtan» партиясына дауыс беріңіз. Жеңіске бірге жетеміз.
# Nur Otan ДАУЫСБЕР
