Үміткерлер "Жаңажол" БПҰ-мен кездесті
Бүгін «Жаңажол» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өткізілді. «Nur Otan» партиясы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Дильфура Байрақтарова, Гүлжайна Сайлауова және аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Нұржан Раймов, Төлеу Ералиев қатысып, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Үміткерлер «Nur Otan» партиясының аз уақыт ішінде еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне қосқан үлесі жайлы айтып, алдағы уақытта да қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастыратынын айтты.

Кездесу барысында үміткерлер тұрғындардың пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Еліміздің жетекші партиясын қолдап, 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
