Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үміткерлер "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды

#𝐊𝐚𝐧𝐯𝐚𝐬𝐬𝐢𝐧𝐠

Райымбек аудандыоблыстық және аудандық маслихат депутаттығына үміткер кандидаттар ауданымыздың беделді азаматтарының үйлеріне барып кездесу өткізді. Бұл кісілер еңбек ардагерлері ауылдың, ауданымыздың құрыметті азаматтары, ұзақ жылдар ұлағатты ұстаз болған азаматтардың шаңырағына арнайы барып канвассинг кездесу өткізді.

Үміткер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ақсақалдарды алдағы жылы өтетін сайлауда еліміздегі беделді “Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.

Қарияларымыз өз тараптарынан алғысын білдіріп, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген азаматтарға алғысын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін азаматтарды таңдайтынын айтты.

#Raimbek𝓝𝓾𝓻𝓞𝓽𝓪𝓷

Осы тақырып бойынша

Үміткерлер "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды - Yvision.kz