Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үміткерлер Кеңес ауыл тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

NUR OTAN” партиясынан түскен аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Айтбеков Нұрғали Мәметұлы, Мырзабеков Ерболат сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қызу жалғастыруда. Үміткерлер Кеңес ауыл тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының басымдықтарымен таныстырды. Кеңес елді мекеніндегі газ кіргізу және басқа да шешуін таппай жатқан түйіткілді мәселелерімен танысып, ұсыныс-тілектерін тыңдап, тізімін жасады. Алдағы уақытта бұл мәселелердің шешімін табуына ықпалын тигізетіндерін айтты. Кездесу соңында тұрғындар толық, бірауыздан “NUR Otan” партиясын қолдап, дауыс беруге баратындықтарын айтты.

0
0
123

Осы тақырып бойынша

Үміткерлер Кеңес ауыл тұрғындарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. - Yvision.kz