Үміткерлер көп балалы аналармен кездесті
Сол себепті «Nur Otan» партиясы көп балалы отбасыларының жағдайын жақсартуға ықпал етуді өз назарынан тыс қалдырған емес. Мұндағы негізгі бағыт – тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту арқылы бала тәрбиесімен айналысып отырған әйел аналардың мұң-мұқтажын шешу. «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер Болат Жүгінісов пен Гүлсара Мүтиева көп балалы бірнеше отбасында болды. Құрманғазы ауылының тұрғыны Салтанат Шарафеденова 5 бала тәрбиелеп отырған ана. Өзі З.Серікқалиев атындағы мектеп-интернатта жұмыс жасайды. Сайлауға түскелі отырған үміткерлер мен олардың қасына ілескен БАҚ құралы өкілін жақсы қарсылады. Жылы шырайда өткен әңгіме барысында «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Болат Жүгінісов Қазақстанның басты 7 жетістігі, алдағы атқарылар жұмыстар, індет тараған ауыр жыл болғанына қарамастан партияның халықтың әл-ауқатын төмендетпеу бағытында атқарушы билікпен бірлесіп өткізген шаралары туралы ой өрбітті. – Мемлекет тарапынан елімізде экономикалық іскерлік белсенділікті қолдау және сыртқы әсерлердің теріс ықпалын азайту үшін ауқымды шаралар қабылданды. 1700 аз қамтылған отбасыларға «Біз біргеміз» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден берілді. Еріктілер арқылы 613 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға тұрмысқа қажетті азық-түлік себеті үлестірілді. «Nur Otan» партиясы әр адам өзіне және отбасына лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі үшін тұрақты жұмыс орындарының санын ұлғайтуға ықпал етуді жоспарлап отыр. Халықтың тұрмыс жағдайларын жақсартамыз.«Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту үшін кешенді шараларды жүзеге асырады және олардың материалдық тұрақтылығы, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі үшін жағдайлар жасайды. «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдауға және мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар әрі қарай жалғастырылады. 2025 жылға дейін «Іскер ана» жобасы арқылы жыл сайын 20 дан кем емес (аспаз, тігінші, шаштараз, сән салоны шеберлері - бет әрлеуші (визажист), маникюр, есепші, кадр ісі, ағылшын тілі (бастапқы база), массаж, компьютерлік сауаттылық, сатушы) аналарды оқу курстарынан өткізіп, мамандық алуға жәрдемдеседі.

