Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үміткерлер Көктерек ауылдық округінің сайлаушыларымен кездесті.

29 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясының Казталов аудандық сайлауалды штабының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ерболат Бекмулдин, Абылай Молдашев, Миржан Қарабалин, Асыл Кенжеғалиева, Гүлжанат Төреғалиева үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында Көктерек ауылдық округінің сайлаушыларымен кездесті.

-Еліміздің даму жолында жетекші партия ретінде «Nur Otan»-ның атқарған істері орасан зор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 25 қарашада Елбасының төрағалығымен өткен партияның кезектен тыс ХХ съезінде «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауымен басталмақ. Мұның символдық мәні зор. Бұл дода барлық мерейтойлық іс-шараларға идеологиялық және мазмұндық тұрғыдан тың серпін беретіні анық. Алдағы сайлау қоғамның біртұтастығын және береке-бірлігімізді бекемдей түседі деп сенемін. Бұл науқанның ашық, әділ әрі заңды өтуі үшін барлық жағдайды жасаймыз» деп ерекше атап өткен болатын. Сондықтан сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары барысында арандатушылардың сөзіне еріп кетпеуіміз керек. Біз үшін тұрақтылық пен бейбітшілік маңызды – деген партияның Казталов аудандық сайлауалды штабының жетекшісі Ерболат Бекмулдин бес жылға арналған партия бағдарламасындағы негізгі басымдықтарды ерекше атап өтті. Жиынға себепші үміткерлер де өздерінің ойларымен бөлісіп, халықты қолға алған жоспарларынан хабардар етті. Кездесуде сайлаушылар Көктерек ауылдық округіне техникалық су, Сатыбалды, Саралжын елді-мекеніне газ, ауыз су, Оразғали елді-мекеніне байланыс желісі қажет деген бірқатар мәселелерді көтерді. Үміткерлер кейбір мәселенің партия бағдарламасында қарастырылғандығын тілгі тиек етіп, еліміздің жарқын болашағы үшін партияны қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
238

Осы тақырып бойынша

Үміткерлер Көктерек ауылдық округінің сайлаушыларымен кездесті. - Yvision.kz