Үміткерлер үгіт жүргізді
Жаңақала ауданы Жаңажол ауылында, ауыл тұрғындарына тамаша тарту болған мәдениет үйінде аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Д.Закарин, С. Жардемалиев, Т. Бигалиев ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының аудан, облыс көлемінде осы күнге дейін атқарған және алдағы бес жылдықта атқарар бағдарламаларымен таныстырып, ел игілігіне берілген жаңа нысанның алдағы уақытта ауыл халқының рухани сұранысын қанағаттандырып, жастардың дамуы мен тынығуына септігін тигізер мәдениет ошағы болатынына сенімдерін білдірді. Жиналған жұрт "Nur Otan" партиясының жұмыс барысына ризашылықтарын білдірді.
Партия қолдаушылары алдағы сайлауға бір адамдай қатысып, өздерінің дұрыс таңдауларын жасайтындарын мәлімдеді. Кездесу соңында үміткерлер ауыл тұрғындарына 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
