үміткерлер үгіт-насихат жұмыстары барысында Текес ауылдық округінің сайлаушыларымен кездесті.
«Nur Otan» партиясы атынан Райымбек ауданы облыстық және аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмыстары барысында Текес ауылдық округінің сайлаушыларымен кездесті. Партияның Райымбек аудандық сайлауалды штабының өкілдері, облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлаушыларды «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты «Nur Otan» партиясының 2025 жылға арналған сайлауалды бағдарламасындағы 17 басымдық және партияның Райымбек аудандық филиалының бағдарламасында көрсетілген 7 айқын бағыттарды түсіндіріп берді. Сайлаушылар тарапынан аталған ауылдық округке қатысты мәселелер көтеріліп, қызу талқыланды. Үміткерлер айтылған кейбір мәселелер партияның сайлауалды бағдарламасында нақты атап көрсеткендігін тілге тиек етіп, өзге де түйткілді мәселелрге қатысты ұсыныстарды назарға алатындықтарын жеткізді. Сонымен қатар сайлаушыларды алдағы сайлауда партияны қолдауға шақырды.
«Nur Otan» партиясы Райымбек аудандық филиалы
