Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үміткерлер «Есіктен есікке» акциясы аясында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді

Ұялы ауылында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Исетай Габдуллин және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Лариса Тельманқызы Қайырғалиева, Маншук Жүсүпқалиқызы Мұхамжарова, Анарбек Бейбітұлы Белисанов үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. Үміткерлер «Есіктен есікке» акциясы аясында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында кандидаттар ауыл ардагерлерінің ұсыныс пікірлеріне құлақ түрді. «Nur Otan» партиясының Бөкей ордасы ауданы сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын, сондай-ақ партияның алдағы мақсат- міндеттерін айтып өтті. Оған қоса 10 қаңтарда өтетін сайлауда учаскелерге барып дауыс беруге шақырды.

Ауыл тұрғындары ауылдағы кейбір мәселелерді тілге тиек етті. Атап айтсақ – білім беру мекемелерін жөндеу, сондай-ақ спорт секцияларын тұрақтандыру, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер ауыл тұрғындарының ұсыныс пікірлерін жауапсыз қалдырмай, болашақта айтылған ұсыныс пікірлерд оң шешімін табуға бар күш жігерлерін жұмсайтындығын жеткізді.

Осы тақырып бойынша

Үміткерлер «Есіктен есікке» акциясы аясында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді - Yvision.kz