Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Үміткерге сұрақ қой"

2021 жылдың 5 қантар күні аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Кистаубаев Орынбасар Сиязбековичтың "Үміткерге сұрақ қой" атты тікелей эфирі өткізілді.

Үміткер "Nur Otan" партиясының сайлау алды бағдарламасымен таныстырып, депутаттыққа өткен жағдайда алдағы жылдары ауданның білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы күрделі сұрақтарды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шешуге ат салысатындығын жеткізді.

Сонымен қатар үміткер сайлаушылардың пікірлері мен ұсыныстарын назарға алып, 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін сайлауға белсенді түрде қатысуға шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
117

Осы тақырып бойынша

"Үміткерге сұрақ қой" - Yvision.kz