"Үмiткерге сұрақ қой"
instagram əлеуметтiк желiсiнде "Үмiткерге сұрақ қой" тақырыбында тiкелей эфир ɵтті.
Тiкелей эфир қонағы – Батыс Қазақстан облыстық мəслихат депутаттығына үмiткер, "Ɵркен" бɵбекжайының директоры Жаңылсын Оразғалиева болды.
Эфир барысында Теректi ауданы, Шалқар ауылдық округi бойынша депутат Жаңылсын Балтабайқызы облыстық мəслихат депутаты атанса, осы күнге дейiн атқарып жүрген жұмыстарымен қоса мектепке дейiнгi ұйымдардың заман талабына сай жаңа технологиялармен қамтамасыз етiлуiн, заманауи жабдықтармен жабдықталуын, оқу-əдiстемелiк құралдармен толықтырылуын, аудан орталығынан шалғайда орналасқан ауылдардың таза ауыз сумен қамтылуын, ауруханаларды күрделi жɵндеуден ɵткiзу, облысымыз бойынша маңызды саналатын Шалқар кɵлiнiң экологиялық жағдайын жақсартуға ықпал ететiнiн жеткiздi.
Ɵзi басқаратын бɵбекжайдың қазiргi тынысымен бɵлiскен Ж.Оразғалиева бɵбекжай қызметкерлерi мен тəрбиеленушiлердiң жетiстiктерiн де атап ɵттi.
Сондай-ақ кɵрермендердiң сұрақтарына жауап берiп, 10 қаңтарда ɵтетiн сайлауда "Nur Оtan" партиясына дауыс беруге шақырды.

