Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Үмiткерге сұрақ қой"

"Үмiткерге сұрақ қой" тақырыбында тiкелей эфирi ɵттi.

Тiкелей эфирдiң қонағы Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер, Подстепный #1 ЖОББМ директоры Ɵтепбергенова Эльмира Бисембайқызы болды.

Эльмира Бисембайқызы эфир барысында ɵзi басқаратын мектепте қашықтан оқытудың ұйымдастырылуы, депутат болған жағдайда партияластарымен бiрге бiлiм беру сапасы мен қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында жұмыстанатынын жеткiздi. Педагогтердiң мəртебесiн кɵтеру, бiлiм беру ұйымдарында материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған iс-шаралардың жүзеге асуына ықпал ететiн айтты. Сонымен қатар жақында ғана Подстепный #1 мектебiнде ашылған инклюзив кабинетi туралы ақпарат бердi. Осы кабинет бойынша қойылған кɵрермендердiң сұрақтарына жауап бердi.

50 минутқа созылған тiкелей эфир ɵте əсерлi ɵттi. Кɵрермендер белсендiлiк танытып, Эльмира Бисембайқызына жылы лебiздерi мен сауалдарын қарша боратты.

Эфир соңында Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер Эльмира Бисембайқызы "Nur Оtan" партиясының атқарған игi iстерiн баяндап, кɵрермендердi партияны қолдауға шақырды.

10
0
160

Осы тақырып бойынша

"Үмiткерге сұрақ қой" - Yvision.kz