Үміткер жұмысшылармен онлайн кездесу өткізді
-Күні кеше өткен «Nur Otan» партиясының ХХ-сыншы сиезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев аталған партияның бес жылдық жоспарын жариялаған болатын. Сол келелі жиынға қатысқан еліміздің Тұңғыш Президенті-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде ел халқын бибітшілік пен бірлікке шақырып, алдағы ауқымды жұмыстарды бірлесе атқару керектігін айтты. Сонымен қатар мемлекет басшысы бір ай бойы қарапайым тұрғындарға арнап қабылдаулар өткізіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауды тапсырған болатын. Осы өңірде өткен праймериз кезеңдерінің қорытындысымен Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер ретінде тіркелдім. Бүгіннен бастап үгіт-насихаттар жұмыстары мен тұрғындарды қабылдау шаралары басталды. Алғашқы кездесуімді сіздер секілді маңызды сала өкілдерінен бастап отырмын. Айтар пікірлерің мен ұсыныстарың болса біз сіздерді тыңдауға әрқашан дайынбыз,- деді М.Құлшар.
«Жайықжылуқуат» кәсіпорнының жұмысшылары Орал шаһары маңындағы «Басқақ тоғайының» жағдайы мен Жайық өзенінің жайы туралы сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
-Қала маңындағы «Басқақ тоғайы» деп аталатын жасыл желектің ортасынан жол салынады деген хабар оралдықтарды қатты толғандырды. Бірақ бүгінде бұл жұмыстар толығымен тоқтатылды. Қазір таңда қалалық әкімдік пен мәслихат депутаттары шаһардың әр тұрғынының ұсыныс-пікірін қаперге алу керек деп санаймын. Облыстық Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер ретінде бұл мәселенің түпкілікті оң шешілуіне атсалысатын боламын. Облыс тұрғындарының тіршілік көзіне айналған Жайық өзенінің де мәселесі өзекті. Бұл мемлекет аралық шешілетін түйіткіл. Бірақ алдағы уақытта бастысқазақстандықтарды толғандырған мәселінің оңтайлы шешімін табуына ықпал жасағым келеді,-деді Мәлік Құлшар.
Айта кетейін дәл сол күні Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерлер Мәлік Құлшар мен Жаңабек Жақсығалиев «Nur Otan» партиясы облыстық филиалында тұрғындарға арнап қабылдау өткізді. Қабылдауда болған алты тұрғын тұрғын үй, жер телімі, жұмыссыздық, мүгедектік тағайындау секілді мәселелермен жолықты. Барлық келушілерге заң талаптарына сәйкес жауаптар қайтарылды.
