Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үміткер үй-жайларды аралады

Үміткер үй-жайларды аралады

21.12.2020ж «Nur Otan» партиясының мәслихаттарға сайлау науқанының екінші үгіт-насихат жұмысы басталғанда да үміткерлер тарапынан белсенділік анық байқалды. Үміткерлер әлеуметтік желілерде тікелей байланысқа шығуды жалғастырып, аудан орталығындағы мекеме-ұйымдар өкілдерімен кездесіп жатыр. Бүгін облыстық мәслихатқа депутаттыққа үміткер Мадияр Байжанов аудан орталығындағы ардагерлердің үй-жайларын аралады. Партияның «Арлагерлерді ардақтайық» атты жобасының аясында ауданымызда жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде үлкендермен әңгімелескен үміткер олардың бүгінгі таңдағы толғандыратын мәселелеріне құлақ салды. Ардагерлер аудандық партия филиалының ардагерлерді ұмытпай, әр мерекелерде құттықтап, келелі кеңестерден қалдырмай жүргендігін тілге тиек етті. Аудан ардагерлерінің бүгінгі Үкіметіміз саясатына, партия шараларына көңілдері толатындығы осы басқосуда анық байқалып тұрды. Олар өз тараптарынан сайлауға ауылдастары бір кісідей қатысып, өздері алғашқылардың бірі болып дауыс беретіндіктірін айтып жатты. Үміткер өз кезегінде бұған дейін де депутат болған кезінде ардагерлермен байланыс орнатып, хал-қадірінше көмегін беріп келген еді. Алдағы сайлау алдында да үміткер аға буынмен тығыз қарым-қатынасты жалғастыру басты мақсаты деп біледі. Ақ сақалды үлкендермен, ақ жаулықты аналармен кездескен Мадияр Жеңісұлы партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, олардың жағдайларын біліп, бүгінгі таңдағы қоғамдағы түрлі жайттарға деген пікір-ойларына қанықты. М. Байжанов өзіне сенім білдірген жерлестеріне алғыс сезімін білдіре келе, сайлауда бақтарын сынағалы отырған қай үміткер де халықтың аманатына адал болуға тырысатынына сендірді

#NUROTAN

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

0
0
158

Осы тақырып бойынша

Үміткер үй-жайларды аралады - Yvision.kz