Үміткер Талдысай ауылының жастарымен онлайн түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Үміткер Жоламанова Гулжайна Талдысай ауылының жастарымен онлайн "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының түсіндірді. Бағдарламада дамудың 7 бағыты бар. Олар
1.Экономикалық тұрақты аудан.
2.Өмір сүруге жайлы аудан.
3.Әлеуметтік-бағытталған аудан.
4.Жастар үшін аудан.
5. Тарих пен мәдениеттің дамуы.
6. Ашық және есеп беретін жергілікті органдар.
7.Қауіпсіз аудан.
Осы бағыттардың ішінде 4-шісіне (Жастарға арналған аудан) нақтылай тоқталды.
Жастар - ел болашағы. Жаңа ұрпақ біздің еліміздің стратегиялық бағытының қозғалтқышына айналуы керек.
«Nur Otan» партиясы және оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарды жан-жақты қолдауды күшейтеді. 2025 жылға қарай біздің міндетіміз - мемлекеттік органдармен бірлесіп жастарды жұмыспен қамту, олардың шығармашылық әлеуетін, дамуын жүзеге асыруға жағдай жасау.
Бұл үшін “Nur Otan” партиясы келесі міндеттерді қояды:
- Ауданның шаруа қожалықтары мен ұйымдарымен меморандумдар жасау арқылы жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу. 2025 жылға дейін жыл сайын жаңа жұмыс орындарына 100 жастан орналастыруға;
- “Жасыл ел” еңбек топтарын ұйымдастыру арқылы жазғы кезеңге кемінде 400 жасты жұмысқа орналастыруға;
- Көпсалалы колледж базасында жаңа заманауи қажеттілігі бар мамандықтар ашуға;
- Қобда, Әлия,Талдысай ауылдарындағы “Coworking center” қызметі арқылы жастардың шығармашылығын және өзін-өзі дамытуға жағдай жасауға;
- “Жас Кәсіпкер” бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін жылына кемінде 10 грант бөлуге;
- Барлық ауылдық округтерде еріктілер клубтарын құру арқылы еріктілер қозғалысының дамытуға.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық (15-28 жас) 2,5% - дан 2,3% - ға дейін төмендейді.

