Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үміткер беделді азаматтарының үйлеріне арнайы барып канвассинг кездесу өткізді.

#𝐊𝐚𝐧𝐯𝐚𝐬𝐬𝐢𝐧𝐠

Райымбек аудандық маслихат депутаттығына үміткер кандидаттарымыз Арипова Гулнара, Мусирбаев Самат, Иманбаев Айдос ауданымыздың беделді азаматтарының үйлеріне арнайы барып канвассинг кездесу өткізді.

Үміткер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ақсақалдарды алдағы жылы өтетін сайлауда еліміздегі беделді “Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.

Қарияларымыз өз тараптарынан алғысын білдіріп, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген азаматтарға алғысын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін азаматтарды таңдайтынын айтты.

#Raimbek𝓝𝓾𝓻𝓞𝓽𝓪𝓷

Осы тақырып бойынша

Үміткер беделді азаматтарының үйлеріне арнайы барып канвассинг кездесу өткізді. - Yvision.kz