Үміткер ғасырдан астам жасаған қариямен кездесті
Сайлау алдындағы үгіт-насихатнауқаныбарысында Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округі әкіміне үміткер А.Тастанбеков Бесқарағай ауданының ұзақ өмір сүрген тұрғыны Бикеева Күлжазира – апамен кездесті. Биыл 104 жасқа толған Күлжазира апа жасына қарамастан, ол ауданның қоғамдық өміріне қызығушылық танытады, округтің проблемаларына бей-жай қарамайды.
Күлжазира – апаның жастық шағы соғыс жылдары мен соғыстан кейінгі кезеңде өтті. Өмір бойы ол ауылшаруашылық саласында жұмыс істеді. Көптеген марапаттар мен медальдарға ие, округтің құрметті еңбек ардагері, тыл еңбеккері. Сонымен қатар апамыз 11 баланы тәрбиелеп өсірді. Қазір сол балаларынан 26 немере, 37 шөбере, 4 шөпшек сүйіп отырған бақытты жан.
- Глуховка ауылдық округі әкімдігіне кандидат ретінде Мен үшін Күлжазира апа сияқты құрметті және қадірлі адамнан бата алу үлкен құрмет. Халық арасында «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер» деген дана сөздер бекер айтылмаған. Мен адал және әділ адамның ізгі және шынайы тілегінің арқасында мақсаттар мен тілектерге қол жеткізуге болатынына сенемін.
Сонымен қатар өз білімім мен күш жігерімді ауылдың гүлденуі мен дамуына арнаймын»,- дейді үміткер А.Тастанбеков.
