Үміткер ардагерлердің үйіне барып, үгіт жүргізді
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидат Алтынбек Серікқалиұлы сенімді өкілімен "Есіктен-есікке" акциясы аясында аудан ардагерлерінің үйіне барды. Арнайы жүздесуде алдағы сайлау туралы сөз қозғап, бағдарламасындағы елдік мәселелерді айтты. Хал-ахуал, саулықтарын сұрай келе, сайлауда "Nur Otan"-ға дауыс беруге шақырды. Қариялар үміткерге сәттілік тілеп, ақ батасын берді.
