Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Митинг в Кызылорде. Қайран казақ, болма мазақ!

Бүгін 1-Мамыр Қазақстан Республикасының бірлік күнінде Қызылордалықтар жер мәселесіне байланысты митинг өткізді. Бұл іс-шараның ұйымдастыршылары  Қызылорда облысының әкімдігінен келісім алмаған. Митингке қатысушылар арасында мүлдем не үшін жүргенін, қандай мақсат көздеп жүргенін анық білмейтіндер де бар. Кейбір провокаторлар "жиналыңдар" деген ұранмен халықты дүр сілкіндірді.  Жастар арасынан ішкі істер департаментінің  жұмысшыларына тас лақтырғандары да болды. Бірлік күнінінде бірлігіміз жараспады!

Бүгінгі таңда,  әрбір қазақтың  көкейінде жүрген сұрақтарды билік басындағылармен дөңгелек үстел, еркін бетпе-бет кездесу т.б. форматта келісім сөздер жүргізіп, бейбіт жолдармен мәселелерді шешуге болады.  Мысалы: күні кеше 30 сәуірде Қызылорда әкімдігінде  қала және фейсбук белсенділерімен Облыс басшысы Қ.Көшербаев жиын өткізді. Жиын барысында  жерге қатысты сұрақтар қойылып, толығымен жауап алынды.

Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде жерге байланысты былай деп баяндаған:  "Мен 8 жыл бойы Қазақстанның шакарасын бекіту үшін келісім сөз жүргізгенмін. Қазақтың ең қымбат қазынасы -жер. Қазақ жері шетелдіктерге сатылмайды! Бұл заң ауылшаруашылығымен айналысатындарға жасалып отыр, өйткені 10 жыл ішінде ешбір азамат өз пайдасын өндіре алмайды, міне сол үшін осындайға баруға мәжбүр болдық" деп баяндады.

Мақұл, мысал келтіріп көрейік: үкімет Мырқынбаевқа 10 гектар жер берді. Мырқынбаев өз кезегінде қытай инвесторларын тартты, осы орайда сұрақ кімге туындайды?  Үкіметке ме, әлде Мырқынбаевқа ма? Біріншіден,  біз өз-өзімімізге жолдау жасауымыз керек! Эй қазақ, ертең жер алып жатқан кезде басқа біреуге жалға берсең, ісіміз сенімен болады...

Әрбір қазақ ең бірінші өзінен бастау керек! Жерім! Елім! Ұрпағым десе! Онда ол, ешқандай инвесторсыз-ақ  егін егіп, сол егіннің жемісін көре алады. Егерде біз дәл бүгінгідей жерімізге жанымыз ашитын болса, жаппай қолымызға кетпен ұстап қазақтың кең даласын игеруге шығайық! Айтуға, митинг жасауға, қопаруға, бейбітшілікті бұзу оңай ағайын, ал қайтадан қалпына келтіру мәңгі қиын болады. Оған дәлел, Украинадағы майдан! Сабыр түбі-сары алтын, қазағым соны ұмытпа!

Мен ойлаймын, бүгінгі митингтің ұйымдастырушылары, арамызға іріткі салушылар сыртымыздан күліп, кухняда шай ішіп ватсаптағы видеоны көріп мәз болып отыр. Қазақта жақсы мақал бар "жел тұрмаса, шөптің басы қозғалмайды".  Біреулерді мақсаттарына жеткізіп, солардың ойыншықтары болып қалмайық, ағайын!

Автор: Ерлан Мусаев

4
7
620

Осы тақырып бойынша