Өмірлік арман: Джефф Безос ғарышқа шілде айында
Америкалық кәсіпкер, Amazon.com интернет-компаниясының негізін қалаушы және басшысы, Blue Origin аэрокосмостық компаниясының негізін қалаушы және иесі сондай ақ Washington Post баспасының иесі және жай ғана әлемдегі ең бай адам Джефф Престон Безос өзінің өмірлік арманымен бөлісті.
Дүйсенбі, 7 маусымда Джефф Безос өзінің Blue Origin компаниясының алғашқы ғарыш кемесімен, ғарышқа ұшатыны жайлы жариялады деп жазады Forbes.com Кемені ұшыру, миллиардер Amazon компаниясының бас атқарушы директоры қызметінен кеткеннен кейін, небәрі екі аптадан соң жоспарланған.
Безос өзінің инстаграмындағы видеосында Blue Origin компаниясы әзірлеген New Shepard кемесіндегі жолаушылардың бірі болу жоспарымен бөлісті.Видеода Безос ғарышқа саяхаттау оның бүкіл өміріндегі арманы болғанын және бұл оның ол үшін көп нәрсені білдіретінін айтты, өйткені оның жанында бірге інісі әрі ең жақын досы-Марк болатынын айтты.
Миллиардермен бірге інісі Марк Безос және New Shepard ғарыш-кемесінде орынға ең жоғарғы бағаны ұсынған онлайн-аукцион жеңімпазы ұшады. Әзірге Жаңа Shepard бортында отыруға ұсынылған ең жоғары баға - $2,8 млн. Аукцион 12 маусым күні аяқталады.
Ұшу туралы хабарлау кезінде Безос:«Сіз жерді ғарыштан көресіз, ол сізді өзгертеді. Бұл планетамен, адамзатпен қарым-қатынасты өзгертеді. Жер бір. Мен осы рейспен ұшқым келеді, мен оны өмір бойы армандадым. Бұл приключение және бұл мен үшін өте маңызды».
Blue Origin-нің алғашқы адамдық рейсі алты орындық капсуланы пайдаланады, ол 11 минут бойы ұшады, бұл уақыт ішінде ол жерден 100 шақырым (60 мильден астам) биіктікте ғарыш шекарасына жетеді.
Егер бәрі жоспар бойынша жүретін болса, онда Форбс журналына сәйкес $186,2 млрд байлығымен әлемдегі ең бай адам Джефф Безос жетекші ғарышқа ұшатын кәсіпкерлердің алғашқысы болады.
Безос британдық миллиардер Ричард Брэнсонды басып озады, ол осыдан бірнеше апта бұрын өзінің Virgin Galactic зымыран ұшағының алғашқы жолаушыларының бірі боламын деп жариялаған болатын.Миллиардер супер-байларға арналған суборбитальды ғарыш сапарларын ұсынатын Virgin Galatic компаниясы өзінің алғашқы жолаушылар рейсін осы жылдың соңында бастайды деп күтілуде.
Жақында Халықаралық ғарыш станциясында қайта қолданылатын ғарыш кемесінің алғашқы ұшырылымын жүзеге асырған Илон Маск-тың SpaceX компаниясы осы жылдың аяғында алғашқы толық азаматтық ғарыштық ұшуын бастайды.Төрт адамнан тұратын экспедицияны технологиялық кәсіпкер Джаред Исаакман басқарады, ал қалған үш орын қайырымдылық шеңберінде аукционға шығарылады.
