Өмірімнің сыйы бар, әлі маған...
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Әуен авторы – Сансызбай Ересенов «Полонез на домбре»
Бейнематериал авторы – Tatiana Blue
Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы
Бауыржан Бекмұхаммедұлы
Вконтакте – https://vk.com/public56982889
Инстаграмм – aikosmuz
Кім айтты, қарасы бар өмірдің, ағы жоқ деп,
Кім айтты, түннен кейін, таң жоқ деп?
Кім айтты, қыстан кейін, жаз жоқ деп,
Кім айтты, кім айтты жылағанға, бақ жоқ деп?
Оянғандай болдым-ау, мен ұйқыдан,
Мен пендемін, түңілмеген ешқашан.
Болар-жетер, не болды, енді маған,
Алда қанша арман бар, мен деп тұрған.
Сені ұмыту елім-ай, қиын маған,
Қазы-қарта, қымызы тамсандырған.
Таппадым-ау ұқсасты, бүгін саған,
Туған өлкем, елім-ай сағындырған.
Өмірімнің сыйы бар, әлі маған,
Мақсатына жетер-ау, армандаған.
Әй тағдыр-ай, көңіліңді берші маған,
Мен қайтайын еліме, сағындырған.
