Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Өмірден алынған оқиға бойынша «Сот отырысы» көрсетілімі

Департамент, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті және «Заман» өндірушілер қауымдастығы араларындағы қол қойылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-шаралар Жоспарын іске асыру аясында 2015 жылдың 12 қараша күні аталған университет студенттері «Сот отырысы» ойын көрсетілімі тәжірибиелік сабағын өткізді. Сюжет шынайы өмірдегі оқиғаның кейіпкерлерін өзгерте отырып алынды.

Сюжетке сәйкес, пара алу бабы бойынша күдікті Н.-нің қылмыстық ісі қаралды. Сот отырысы барысында судья күдікті Н.-ге қатысы әділ шешім қабылдады.

Іс-шараға сарапшы ретінде сот органдарының өкілі О.Т.Кадесов шақырылды. Ол департаментке университетпен бірлесіп ұйымдастырған көрсетілім үшін ризашылығын білдірді. «Сот отырысы» көрсетілімінің қадамдары бойынша түсінік беріп, Қылмыстық-атқару Кодексінің барлық талаптары сақталғанын айтты және іс-шараны ұйымдастырушыларға оң баға берді.

Сонымен қатар, тәжірибе және оқу үрдісіндегі «стандартқа сәйкес емес» әдісті қолдануды алмасу мақсатында қала мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері шақырылды. Мұғалімдер де өздерінің оң пікірлерін білдірді.

№21 ЖОББМ тарих мұғалімі Б.М.Бисенгалиева өз ойын былай түйіндеді: «Осындай шаралар болу керек. Студенттер үшін маңызды. Мектептер мен жоғары оқу орындарындағы осындай ойындарда олар үйренеді, өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттырады. Сондықтан, осы бағыттағы жұмыстар қажет, бұл шараларды мектептерде жиі қолданады. Бұл біздерге, мұғалімдерге, болашақ заңгерлерге пайдалы».

Іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі – «Заман» өндірушілер қауымдастығының төрайымы А.С.Туркина келесідей пікір білдірді: «Бүгінгі іс-шара – бұл азаматтар арасында өткізілетін іс-шараларды тәжірибе жүзінде қолдану болып табылады. Бүгін теориялық білім алып және өмірге дайындалып жатырған студенттер арасында, атап айтар болсақ, азаматтардың құқықтарын заңгерлік қорғау, біздің тұрғындарды қорғаудың тәжірибесі орын алуы қажет. Студенттер қандай да болмасын тәжірибе алады. Және осындай шараларға қызметтегі судьяларды, адвокаттарды шақыру, олармен бірге еркін талқылау, осы немесе басқа мәселелерге қатысты студенттердің көзқарастарын білуге болады, тәжірибесі бар судьялар, заңгерлер, адвокаттардың ойларын тыңдау. Сондықтан, бірінші қадам жасалды және бұл іс-шара азаматтарымыздың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыруға бағытталған басқа нақты, әсерлі, көзделген қадамдардың бастауы болмақшы».

Іс-шараның соңында жоғары оқу орнының сот залына сыйлық ретінде судьяның балғасы берілді.
0
0
681

Осы тақырып бойынша

Өмірден алынған оқиға бойынша «Сот отырысы» көрсетілімі - Yvision.kz