Өмір – үлкен мектеп
Әңгірата ауылында өткен канвассингте облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ә. Әмірәлиев. Ғ.Елшібаев және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Д.Турдалиев, Н.Амангелдиева Мекембаев Керімбек ағаның үйінде болып, ардагер ұстаздың батасын алды. Үміткерлер дидарласу барысында өмір - үлкен мектеп екенін, ал ұстаз осы өмір мектебіне жол көрсетуші шамшырақ екенін баса айтты . Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Керімбек ағайдай білікті, төзімді, сабырлы жандар ғана қызығы мен қиындығы мол жұмысты атқара алады. Тоғызқұмалақты аудан, облыс деңгейінде жандандырған Керімбек Мекембаев шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру арқылы ұстаз деген сенімге ие болды.
Әрбір көзі ашық адам сауатын ашу үшін ең бірінші ұстазға жүгінеді. Ал ұстаздың міндеті ештеңеден хабары жоқ шәкірттен тұлға дайындау.
Сонымен бірге үміткерлер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2024 жылдан бастап педагогтар мен жаттықтырушылардың жалақасы екі есеге артады деген бастамасы көңілге демеу болғандай! Әр бала - бірегей, оның талантын, табиғатын біліп танушы - осы игі мамандық иелері! Ұлт болашағы - өз қолымызда! Жарқын болашаққа заман талабына сай білімді, білікті, өнерпаз жастармен қадам басайық! "Nur Otan" паитиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі.
