Мəжiлiс депутаттығына үмiткерлер – Аманжан Жамалов пен Снежана Имашева iссапармен келдi.
Ең алдымен, елорда тɵрiнен келген халық қалаулылары аудан орталығы Федоров ауылының тұрғындарымен жүздестi.
Аудандық мəдениет үйiнде ɵткен кездесуде Аманжан Мәкәрiмұлы мен Снежана Валерьевна "Nur Оtan" партиясының республика бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Партияның Теректi аудандық филиалы тɵрағасының бiрiншi орынбасары Мирхат Ибраев пен Теректi аудандық мəслихат депутаттығына үмiткер, "Теректi" шаруа қожалығының басшысы Сержан Идиятов партияның Теректi ауданы бойынша жүзеге асыратын жұмыстарын баяндады.
Мəжiлiс депутаттығына үмiткерлер теректiлiктермен кездесiп, пiкiр алмасып болған соң, Подстепный ауылына аттанды. Олар Ұлы Отан соғысының ардагерi Александр Этманов пен Подстепный ауылдық ардагерлер кеңесiнiң тɵрағасы Абылай Мендығалиевтiң үйiнде болып, хал-жағдайларына қанықты.
"Кандидат – қонақта" канвассинг кездесу форматында ɵткен дидарласуда партияның атқарған iстерi мен жоспарларын жiпке тiзген А.Жамалов, С.Имашева, М.Ибраев, Ə.Нұрғалиев, С.Идиятов сайлауда "Nur Оtan" партиясын қолдауға шақырды.


