Мəжіліс депутаттығына кандидат Г.Умаров ауданның жастарымен кездесті.
Тұрар Рысқұлов ауданындағы үгіт насихат жұмысын жалғастырған мəжіліс депутаттығына кандидат Г.Умаров ауданның жастарымен кездесті. Кездесу барысында ұйымдардың атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, кейбір мəселелер төңірегінде ой бөлісті. Іс шара соңында ел келешегі үшін атқарылып жатқан игі істерге сəттілік тілеп, жеңіс биігінен бірге көрінуге қолдау білдірді.


