Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

мейрімділік

Мейірімділік.
Мейірімді болу – яғни, басқа адамның сезімін түсінуге иждаһаттық білдіріп және сол сезімге жауап беру. Мейірімді жүректе күш, кешірім, даналық өмір сүреді. Басқаларды түсініп, айналаны қалай бар, солай қабылдаған мейірімді адамға, жаман сезімнің болуы мүмкін емес. Мейірімділік басқа адамға көмектесу үшін, өз басына пайда әкелетін істеп оңай бас тартуға көмектеседі.
Мейірімділікті бәйтерекпен салыстыруға болады: бәрінен биік және ешкімді, ешнәрсені төмендетпейді жәй ғана барлығына қорған болып тұрады. Кімде-кім мейірімділік іспен айналысса, ол адам қорқыныштан еркін болады. Ол адаммен жүргендер де қорқынышты сезінбейді. Өте тамаша. Себебі, адам бойындағы стресс, күйзелістер әр түрлі қорқыныш, үрей сезімдерінен туады.
Өзіңіздің пікіріңізді айтарда кеңпейілділік танытыңыз. Осы бір сынақ мерзімінде төзімділік көрсетіп, айналаңызға мейірімділік шуағын себіңіз.
Қателік жасаған адамға жек көріп, ұнатпайтын мінез көрсетпеңіз. Ол адамның бар түсінігі сол болып тұр. Сол қателікпен сіз биікте тұрсыз ғой.
Егер біреу кері іс – әрекетке барса, онда сіздің мейірімді сезіміңіз оның жүрегіне жылу беріп, өзгеруіне көмектеседі. Шынымен де бүкіл әлем – ол үлкен бүтіндей бір адамзат отбасы. Оны түсіну – сүйіспеншілік пен мейірімділіктің бастауы.
 
0
0
3880

Осы тақырып бойынша

мейрімділік - Yvision.kz