Метрология және медицина
Медициналық метрология – негізгі мақсаты медицинадығы өлшемнің дұрыстығын және бірлігін қамтамасыз ету болып табылатын метрологияның бір бағыты.
Өздеріңізге белгілі заманауи медицинада дене қызуыңызды өлшейтін термометрлерден бастап ультрадыбысты зерттеуге аналған аппараттар мен компьютерлік томографиялар сияқты көптеген өлшем құралдары кездеседі. Диагноздың дұрыстығы солардың көрсеткен көрсеткіштерінің дәлдігіне тікелей байланысы, ал дәрігердің сіздің диагнозыңызға қарай ем қолданатынын өзіңіз ойлаңыз. Демек бұл жағдай өз кезегінде медицинадағы метрологияның адам өмірі мен денсаулығына қаншалықты қауіп төндіретіндігінде.
Бұл ретте айта кететін жайт, мемлекеттік метрологиялық бақылауға жататын барлық өлшем құралдары Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы N 53-II «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңымен (бұдан әрі - Заң) қадағаланады. Заңда өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсаттарының бірі болып диагностика және сырқаттарды емдеу, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауiпсiздiгiн бақылау, қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау кезiнде сенiмдi өлшем нәтижелерiн қамтамасыз ету көрсетілген.
2017 жыл мен 2018 жылдың ақпан айына дейінгі аралықта Ақмола облысы бойынша 17 медициналық мекемелерге метрологиялық тексеріс жүргізілген. Тексеріс нәтижесі бойынша 10 мекемеде заң бұзушылықтар анықталған. Нақтырақ айтқанда өлшем құралдары жарамсыз деп танылып, оларды қолданыстан алып тастау туралы нұсқаулық беріліп әкімшілік іс қозғалған.
Бұл жерде, бұзушылық орын алған мекемелерде метрологиялық қызметтің дұрыс жоспарланбауы, басшылықтың салғырттығы мен Заң талаптарын орындамау немесе оларды түсініп білмеу деген ойға әкеп соғады. Сол мекемдегі қызметкерлер өз істерінің жауыптылығын, адам тағдырындағы ең қымбат дүниесі өмір екендігін, ал сол өмір кей сәттерде тікелей солардың қолдарында тұрғандығын түсінсе деймін. Сондай кездерде оларға ең басты көмекші – ол өлшем құралдарынан алынған науқастың хал-жағдайы көрсетіштердің дәлдігі.
Біздің мекен-жайымыз : Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 107. Телефон: 25-57-89. Е-mail: [email protected].
Жандинова Айгерім Искинеқызы - ҚР ИДМ ТРМК Ақмола облысы бойынша департаментінің жетекші маманы - Ақмола облысының мемлекеттің бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы
