Мерекелік құттықтау.
Бүгін Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай, «Ардагерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында Күршім ауданының әкімі Дулат Зайсанбекұлымен бірге Күршім ауылында тұратын тоқсан жастан асқан екі ана, тыл ардагерлері Кочнева Надежда Андреевна мен Арекова Жазира апалардың шаңырағында болып мейрамдарымен құттықтап, сый-сияпат жасадық.
Тыл еңбеккерлері еңбек майданында өшпейтін ерлік жасап, отан алдындағы адалдық пен азаматтық парызды атқарудың өнегесін көрсетті. Ел басына күн туған сұрапыл соғыс жылдары адам төзгісіз қиыншылықтарды қайыспай көтеріп, Ұлы Отан соғысы жылдары тылда, соғыстан кейін экономиканы қалыпқа келтіру үшін еңбек еткен аға ұрпақтарға алғысымыз шексіз.
Бүгінгі қуанышты күні Сіздерге зор денсаулық, ұзақ та бақытты ғұмыр, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз. Ұрпақтарыңыздың қызығын армансыз көруге жазсын.
В рамках партийного проекта «Ардагерлерді ардақтайық» и в честь праздника вместе с акимом Курчумского района Дулат Зайсанбековичем поздравил жителей села Курчум старше 90 лет, труженников тыла Кочневой Надежда Андреевны и Арековой Жазиры с Международным женским днем. Поздравляя с этим весенним праздником, хочу сказать всем уважаемым труженикам тыла - спасибо. Спасибо за восстановленные города и села, за мирную жизнь послевоенных поколений. Мы многому учимся у вас, равняемся на вас в своих делах и устремлениях и сделаем все, чтобы, приняв эстафету, приумножить славу дедов и бабушек.
В этот чудесный женский праздник хочется пожелать всем женьщинам только положительных эмоций, бескрайнего счастья и крепкого здоровья. Пусть невзгоды обходят стороной, а каждый день будет поводом для новой радости. С праздником!
