Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мерекелік құттықтау

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Н.Қасымханов пен Күршім аудандық мәслихатының депутаты А.Абилмажинов аналар мерекесіне орай “Бақытты отбасы” партиялық жобасы аясында Күршім ауылының тұрғындары, көпбалалы аналар Г.Абдельдиновамен, М.Сагатбаеваға, Сарыөлен ауылының тұрғыны, алтын алқа иегері, 8 баланың анасы А.Қабыштың шаңырақтарында болып, шынайы мерекелік тілектерін жеткізді.

Асан Казезбекұлы көктемнің алғашқы мерекелік күнімен құттықтап, жағдайларымен танысты. Сонымен қатар бірқатар мәселелерге тоқталып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

“Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді” дейді. Ананың қажыр қайраты да сенімі де мықты. Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер нәрсе жоқ. Аналарымыздың төзімділіктері мен мейірім шуағына алғысымыз шексіз!

Аталған іс шаралар Қазақстан Республикасынының Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік бағдарлама аясында жалғасын табуда. 8 Наурыз отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, жарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн. Мереке құтты болсын!

0
0
138

Осы тақырып бойынша

Мерекелік құттықтау - Yvision.kz