Мерекелік құттықтау
Мерекелік құттықтау.
Бүгін Привокзал бастауыш партия ұйымының төрағасы Серікбай Жұмағұлов аналар мерекесіне орай “Бақытты отбасы”партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған шаңырақта болып, шынайы мерекелік тілегін жеткізді.
Серікбай Ермекұлы көктемнің алғашқы мерекелік күнімен құттықтап, жағдайларымен танысты.Сонымен қатар бірқатар мәселелерге тоқталып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
“Ана бір қолымен бесікті тербетсе,бір қолымен әлемді тербетеді”дейді.Ананың қажыр қайраты да сенімі де мықты. Әлемде нәрестеге өмір сыйлап, оны алғашқы қадам басуға үйрететін қасиеттеріңізге тең келер нәрсе жоқ. Аналарымыздың төзімділіктері мен мейірім шуағына алғысымыз шексіз!
Аталған іс шаралар Қазақстан Республикасынының Тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік бағдарлама аясында жалғасын табуда. 8 Наурыз отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, жарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн. Мереке құтты болсын!
