Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Мереке құтты болсын

Мереке құтты болсын.

Бүгін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында “Nur Otan”партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы төрағасы,аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың атынан Шыңғырлау колледжінің оқу ісі меңгерушісі 33 жыл еңбек өтілі бар Ләззәт Нұрмұхановаға,аудандық жұмыспен қамту орталығының қызметкері,13 жыл осы салада қызмет атқарып келе жатқан Клара Айталиповаға,Қызылкөл бастауыш партия ұйымының төрайымы,білім саласында 22 жыл еңбек етіп келе жатқан Ақару Шунаеваға,Сегізсай негізгі мектебінің ұстаздары,30 жылдық еңбек өтілдері бар Айгүл Жетмековаға,Ақмарал Исмағұловаға мерекелік алғыс хаттар табыс етілді. Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы. Ана қуанышы, әйел қуанышы - әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке - бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі. Көктемгі мерекелеріңізбен құттықтай отырып, әрдайым әдемі, жылы жүректі аналық абыройлы атақтарыңыз биіктей берсін. Зор денсаулық, мәңгі жастық пен сұлулық тілеймін! #Tanday2021 #NurOtan #BizBirgemiz

0
0
179

Осы тақырып бойынша

Мереке құтты болсын - Yvision.kz