Мереке құтты болсын!
16-желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. 1991 жылы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Конституциялық Заңға қол қоюымен бастау алған Тәуелсіздігімізге биыл 29 жыл толып отыр. Осы ширек ғасырдан астам уақытта елдігімізді танытып, әлем елдерімен иық тірестіріп тұратын дәрежеге жетіп үлгердік. Бұл күн - ата бабамыздың армандарының орындалған күні. Бұл күн - қазақ еліміздің, ұлттымыздың төл мерекесі. Мемлекеттік мерекеміз - Тәуелсіздік күні құтты болсын, отандастар! Көк байрағымыз тұғырдан түспей, ынтымағымыз жараса берсін! Мереке құтты болсын!
