«Менің жетістігім – елімнің жетістігі» тақырыбында сұхбат алаңы форматында отырыс өткізді.
Бүгін Мұнайлы аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының «Jas Otan» жастар қанатының белсенді мүшелері – «Менің жетістігім – елімнің жетістігі» тақырыбында сұхбат алаңы форматында отырыс өткізді.
Басты мақсат – жастарға жан-жақты қолдау көрсетіп, дұрыс бағдар беру. Жалпы мемлекет алдына қойылып отырған негізгі мақсат – бүгінгі жас ұрпақтың білімді, саналы азамат болып өсуі. Еліміздегі әрбір азамат өзіндік капиталын дамытуда күш-жігерін аянбай, мақсатына қол жеткізу жолынан таймай қызмет етер болса, адами капиталдың дамуы есебінен мемлекет көркейеді. Бүгінгі жастарға да қойылар талап аз емес екендігі белгілі, сондықтанда жиында жастар әлеуетін арттыру мақсатындағы басым бағыттар да талқыға алынып, жиын пікір алмасу мен аяқталды.
