Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Менің жерім - менің мақтанышым!"

Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент."Отансыз адам ормансыз бұлбұл», -деп дана халқымыз бекер айтпаған. Себебі, адам баласы туған жерсіз, Отансыз ғұмыр кешпейді. Әр адамның тұрақты үйі, мекені болу қажет. Сонда ғана адам бақытты өмір сүреді. Кіп-кішкентай бұлбұлдың өзі туған жерін іздейді, қайғырады. «Әркімнің өз жері - жұмақ», - дегені рас. Осы жөнінде «Шетте сұлтан болғанша, елде ұлтан бол» - деген мақалды дана халқымыз жайдан жай айтпаған болар. Сондықтан да өз туған жерімізді, Отанымыз қастерлеп және бағалауымыз керек! Партизанка ауылының кітапханасында саяхаттану слайд шоу өтті.

0
0
123

Осы тақырып бойынша

"Менің жерім - менің мақтанышым!" - Yvision.kz