Менің таңдауым "Nur Otan"
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен "Нұрлы жол"бағдарламасының аясында Құрманғазы ауданының халқына арман болған "Атырау -Астрахань" республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салып жатырған "Сине Мидас Строй"мекемесінің және Нұржау ауылында орналасқан "Тұрлан"жанар жағар май құю бекетінің жұмысшыларымен кездестім. Кездесу барысында 2021 жылдың 10 қаңтар күні болатын Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және жергілікті маслихат депутаттарының сайлауы туралы түсінік жұмыстарын жүргізіп,партия мен қоғам арасында кері байланысты нығайтып,азаматтардың талап,тілектерін тыңдап, пікірлесіп,
"Nur Otan"партиясына дауыс беруге шақырдым.
Пікірлесу аясында жұмысшы Т.Мұсағалиева
"Nur Otan"партиясының мүшелігінің қатарына өтетіндігі жөнінде тілегін білдірді.
Осы салынып жатқан Атырау -Астрахань автомобиль жолдары аяқталған кезде киелі Құрманғазы мекені туристерді қызықтыратын тағы бір ғажайып орынға айналатынына сенемін!
#Қиындықты еңсеріп,жеңіске бірге жетеміз!
#Менің таңдауым "Nur Otan"
