«Менің тұңғыш Президентім»
Бүгін колледжде 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай 1(9) мдт жб тобына «Менің тұңғыш Президентім» атты сынып сағаты қашықтан ұйымдастырылды. Шараны "Жастар жұмысы жөніндегі инспектор" Досболатұлы Хасан студенттерге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, жеткен жетістіктері туралы айтып өтті.
Н.Ә.Назарбаевтың «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік, енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де, ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» - деген сөзін әрбір азамат жүрегінің терең түрпіріне сақтап, қашанда жадында ұстауын және ел алдындағы перзенттік борышымыз екенін , Елбасы «Қазақстан жастардың қолында, біз жастарға Отанымызды сеніп тапсырамыз» деген үмітін ақтап, елімізді көркейтуге, Отанымызды қадірлеуге , рәміздерімізді қастерлеуге шақырды.

