Менің сүйікті Қазақстаным
«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері «Менің сүйікті Қазақстаным» атты тақырып аясында дөңгелек үстел өткізді. Жастарды жинаудағы мақсат туып өскен өз отбасын, елін, жерін, өз Отанын қадірлеп-құрметтеуге тәрбиелеу. Өз мемлекетіміздің рәміздерін құрметтеп-қастерлеуге, жастар арасында кеңінен насихаттауға шақырды. Туған жер, Отан деген бір ыстық сөз, жылы көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да жүрегіміздің лүпіліндей естіледі. Әрине, бұл – қазақ жұрты, барлық Қазақстан елі ерекше құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл сөз. Жастар өз ойын ортаға салып, алдағы жоспарларымен бөлісті.